Жібек Құламбаева Мадридте өткен W100 турнирінің жұптық финалында топ жарды

Жибек Куламбаева

Жибек Куламбаева. Фото: Getty Images for ITF

 

Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Мадридте өткен ITF W100 сериясындағы жарыста италиялық серіктесі Николь Фосса Уэргомен бірге чемпион атанды. Финалда олар Испания өкілдері Марина Бассольс пен Андреа Ласаро Гарсияны 2:1 есебімен жеңіп шықты.

Турнир барысында Құланбаева мен Уэрго бірде-бір матчта ұтылған жоқ, барлық қарсыластарынан басым түсті. Бұл жеңіс Жібектің кәсіби мансабындағы ең ірі табыстарының бірі саналады және жұптық рейтингтегі орнын бекемдей түсті.

25 жастағы Құламбаева ITF туы астында өтетін турнирлерде 38 мәрте жеңіске жеткен. Соның 33-і жұптық сайыста, 5-еуі жеке сында. Ал Уэргомен бұл – олардың бесінші бірлескен титулы және биылғы маусымдағы алғашқы жеңісі. Сонымен қатар, бұл олардың W100 деңгейіндегі алғашқы ортақ жүлдесі.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
29 Янв - 10:33 Теннис
Анна Данилина Australian Open турнирінің финалына алғаш рет жолдама алды
28 Янв - 10:50 Теннис
Анна Данилина теннистен Australian Open-2026 турнирінің финалына шығу үшін бақ сынайды
28 Янв - 09:12 Теннис
Теннисші Елена Рыбакина әлемнің екінші ракеткасын жеңіп, Australian Open турнирінің жартылай финалына өтті
26 Янв - 11:12 Теннис
Рыбакина Australian Open-2026 турнирінің ширек финалына шықты
25 Янв - 08:36 Теннис
Әмір Омарханов Манакордағы ITF M15 турнирінің жұптық разрядында жеңіске жетті
24 Янв - 20:00 Теннис
Елена Рыбакина Australian Open-2026 турнирінде қанша табыс тапқаны белгілі болды
24 Янв - 14:56 Теннис
Елена Рыбакина Australian Open-2026 турнирінің 1/8 финалына сенімді өтті
23 Янв - 12:23 Теннис
Юлия Путинцева Australian Open турнирінің 1/8 финалына алғаш рет шықты
23 Янв - 10:00 Теннис
Анна Данилина Australian Open-2026 турнирінің үшінші айналымына өтті
22 Янв - 17:29 Теннис
Рыбакина Australian Open-2026 турнирінің үшінші айналымына шықты