Кубок алған бапкер отставкаға кетті: «Ақтөбе» Игорь Леоновпен қоштасты

Игорь Леонов. Фото: dynamo.kiev.ua
«Ақтөбе» футбол клубы бас бапкер Игорь Леоновтың қызметтен кеткенін ресми хабарлады. 57 жастағы украиналық маман отбасылық жағдайына байланысты орнын босатты. Келісімшарт екі жақтың ортақ шешімімен тоқтатылған.
Леоновтың басшылығымен «Ақтөбе» 2024 жылы Қазақстан Кубогын жеңіп алып, Премьер-лигада қола медаль иеленді. Бұл – клуб үшін үлкен жетістік.
Команда басшылығы Игорь Леоновқа атқарған еңбегі үшін алғыс айтып, алдағы бапкерлік жолына сәттілік тіледі.
Алдыңғы мақала:
Роналду клубтар арасындағы әлем чемпионатына қатысу үшін Англияға қайта оралуы мүмкінКелесі мақала:
Футболдан Қазақстан мен Өзбекстан құрамалары Түркістанда жолдастық матч өткізуі мүмкін
