Бақтиер Зайнутдинов жақында қатарға қосылады

Бактиер Зайнутдинов

Бактиер Зайнутдинов. Фото: Getty Images

«Бешікташ» сапында өнер көрсететін қазақстандық жартылай қорғаушы Бақтиер Зайнутдинов жарақатынан кейін жаттығуға оралуға жақын. Бұл туралы Turkiye Gazetesi басылымы хабарлады.

26 жастағы футболшы бірнеше апта бойы жарақатына байланысты жасыл алаңнан тыс қалып келді. Дегенмен, дереккөз мәліметінше, алдағы күндері Бақтиер толыққанды жаттығу жұмыстарына қайта қосылады.

Соған қарамастан, Зайнутдинов 12 сәуір күні өтетін Түркия Суперлигасының 31-турындағы «Башакшехирге» қарсы ойында командасына көмектесе алмайды. Себебі ол бұл матчқа дейін бабына толық келе қоймауы мүмкін.

Биылғы маусымда Бақтиер клуб сапында 12 матч өткізіп, бір нәтижелі паспен көзге түсті. Ол «Бешікташпен» 2027 жылдың жазына дейін келісімшартқа қол қойған.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
20 Окт - 16:30 Футбол
КФФ «Актобе» мен «Ордабасы» арасындағы матчтан кейін жаза қолданды
20 Окт - 15:15 Футбол
Ресей мен Өзбекстан құрамалары жолдастық матч өткізеді
20 Окт - 14:30 Футбол
«Бавария» – «Арсенал»: Мюнхендегі матчты қайдан көруге болады
20 Окт - 13:57 Футбол
Тен Хаг «Манчестер Юнайтедтегі» Роналдумен арадағы келіспеушілік туралы айтты
20 Окт - 13:05 Басқа Футбол
Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына іріктеуді Беларусьпен матчтан бастайды
20 Окт - 10:00 Футбол
«Барселона» Швейцария құрамасының үш гол соққан жартылай қорғаушысына көз тікті
19 Окт - 11:30 Футбол
Бекбаев «Ордабасының» жеңісіне баға беріп, чемпиондық жарыстағы маңызын атап өтті
19 Окт - 10:00 Футбол
«Реал» Моуриньюдің орнына Дешамды қарастырып отыр
16 Окт - 13:15 Футбол
«Рига» жеңіске жақын болды: латвиялық клубтың бапкері «Қайратқа» қарсы ойын туралы айтты
16 Окт - 11:20 Футбол
Уразбахтин «Қайраттың» Ригадағы нәтижесіне баға берді