Таразда туған шабуылшы Қазақстан құрамасына шақырту алуға қарсы емес

Ислам Евлоев

Ислам Евлоев

Ресейлік «Муром» клубының шабуылшысы Ислам Евлоев Қазақстан құрамасына ойнауға қарсы емес екенін жеткізді. Бұл туралы ол Legalbet.kz порталына берген сұхбатында айтты.

«Қызығушылық бар, әрине. Егер сондай ұсыныс түссе, ойланып көрер едім. Өйткені Қазақстан – отбасымызға бөтен емес», – деді футболшы. Айта кетейік, Евлоев 1999 жылы Таразда дүниеге келген. Кейін отбасымен бірге Мәскеуге көшіп, футболдағы жолын сол жақта бастаған.

Ол бұған дейін «Долгопрудный», «Сатурн», «Рязань» және тағы басқа клубтарда ойнаған. 2024 жылдың қыркүйегінен бері Ресейдің екінші лигасында өнер көрсететін «Муром» командасының намысын қорғап жүр. Биылғы маусымда 17 матч өткізіп, бір гол соқты және бір нәтижелі пас берді.

Transfermarkt порталы оның трансферлік құнын 100 мың еуроға бағалап отыр.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
20 Окт - 16:30 Футбол
КФФ «Актобе» мен «Ордабасы» арасындағы матчтан кейін жаза қолданды
20 Окт - 15:15 Футбол
Ресей мен Өзбекстан құрамалары жолдастық матч өткізеді
20 Окт - 14:30 Футбол
«Бавария» – «Арсенал»: Мюнхендегі матчты қайдан көруге болады
20 Окт - 13:57 Футбол
Тен Хаг «Манчестер Юнайтедтегі» Роналдумен арадағы келіспеушілік туралы айтты
20 Окт - 13:05 Басқа Футбол
Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына іріктеуді Беларусьпен матчтан бастайды
20 Окт - 10:00 Футбол
«Барселона» Швейцария құрамасының үш гол соққан жартылай қорғаушысына көз тікті
19 Окт - 11:30 Футбол
Бекбаев «Ордабасының» жеңісіне баға беріп, чемпиондық жарыстағы маңызын атап өтті
19 Окт - 10:00 Футбол
«Реал» Моуриньюдің орнына Дешамды қарастырып отыр
16 Окт - 13:15 Футбол
«Рига» жеңіске жақын болды: латвиялық клубтың бапкері «Қайратқа» қарсы ойын туралы айтты
16 Окт - 11:20 Футбол
Уразбахтин «Қайраттың» Ригадағы нәтижесіне баға берді