Магомед Адиев «Атырауға» келе ме, әлде РПЛ-ға қайта орала ма?

Магомед Адиев

Магомед Адиев. Фото: UEFA via Getty Images

Қазақстан құрамасының бұрынғы бас бапкері Магомед Адиев алдағы уақытта қайтадан клуб тізгінін ұстауы мүмкін. Бұл жолы оның алдында екі таңдау тұр: Қазақстанның «Атырауы» немесе Ресей Премьер-лигасындағы «Пари НН». Бұл туралы ресейлік инсайдер Иван Карпов жазды.

Ақпаратқа сәйкес, Адиев қазір «Атыраумен» белсенді келіссөздер жүргізіп жатыр. Сонымен қатар, ол «Пари НН» клубының бапкерлікке басты үміткері саналады. Егер 12 сәуір күні «Нижний Новгород» өз алаңында «Динамодан» жеңілсе, Виктор Гончаренко орнын босатып, оның орнына Адиев тағайындалуы мүмкін.

Айта кетейік, Адиев Қазақстан құрамасын 2022–2024 жылдары басқарды. Оның кезінде ұлттық құрама Ұлттар лигасындағы тобында жеңіске жетіп, Еуро-2024 жолдамасына таласқан болатын. Сондай-ақ, ол 2021–2022 жылдары «Шахтер» (Қарағанды) клубын жаттықтырды.

Қазіргі таңда «Атырау» төрт турдан кейін бір-ақ жеңіске жетіп, турнир кестесінде оныншы орында тұр. Ал «Пари НН» Ресей чемпионатында 14-орында. Сондықтан Адиевтің нақты қай клубты таңдайтыны алдағы күндері белгілі болмақ.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
20 Окт - 16:30 Футбол
КФФ «Актобе» мен «Ордабасы» арасындағы матчтан кейін жаза қолданды
20 Окт - 15:15 Футбол
Ресей мен Өзбекстан құрамалары жолдастық матч өткізеді
20 Окт - 14:30 Футбол
«Бавария» – «Арсенал»: Мюнхендегі матчты қайдан көруге болады
20 Окт - 13:57 Футбол
Тен Хаг «Манчестер Юнайтедтегі» Роналдумен арадағы келіспеушілік туралы айтты
20 Окт - 13:05 Басқа Футбол
Қазақстан құрамасы әлем чемпионатына іріктеуді Беларусьпен матчтан бастайды
20 Окт - 10:00 Футбол
«Барселона» Швейцария құрамасының үш гол соққан жартылай қорғаушысына көз тікті
19 Окт - 11:30 Футбол
Бекбаев «Ордабасының» жеңісіне баға беріп, чемпиондық жарыстағы маңызын атап өтті
19 Окт - 10:00 Футбол
«Реал» Моуриньюдің орнына Дешамды қарастырып отыр
16 Окт - 13:15 Футбол
«Рига» жеңіске жақын болды: латвиялық клубтың бапкері «Қайратқа» қарсы ойын туралы айтты
16 Окт - 11:20 Футбол
Уразбахтин «Қайраттың» Ригадағы нәтижесіне баға берді