Зайнутдиновпен қош айтыса ма? «Бешикташтағы» үлкен тазалық жақындап қалды

Бактиер Зайнутдинов

Бактиер Зайнутдинов. Фото: Anadolu via Getty Images

«Бешикташтың» бас бапкері Уле-Гуннар Сульшер жазда құрамды түбегейлі өзгертпекші. Түрік басылымдарының хабарлауынша, норвегиялық маман сенімін ақтамаған 10 ойыншының тізімін жасап қойған. Ол футболшылармен 2025 жылдың жазында қоштасуды жоспарлап отыр.

Бұл тізімге Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Бақтиер Зайнутдинов те кіріп кеткен. Сонымен қатар, Эрсин Дестаноғлу, Онур Булут, Йонас Свенссон, Алекс Окслейд-Чемберлен, Амир Хаджиахметович, Салих Учан, Семих Кылычсой, Мустафа Хекимоғлу мен Чиро Иммобиле секілді танымал ойыншылар да бар.

Клуб өкілдері әрқайсысымен жеке сөйлесіп, шешім қабылдайды. Біреулер сатылуы мүмкін, біреулермен келісімшарт мерзімінен бұрын бұзылады.

27 жастағы Зайнутдинов «Бешикташқа» 2023 жылы жазда 3,5 миллион еуроға ЦСКА-дан ауысып келген. Екі маусымда 49 матч өткізіп, бір гол соғып, бір нәтижелі пас берген. Бірақ соңғы уақытта жиі негізгі құрамнан тыс қалып, кей маңызды кездесулердің өтініміне де кірмей жүр.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
20 Янв - 22:20 Футбол
«Қайрат» Чемпиондар лигасында «Брюггеге» ірі есеппен жол берді
20 Янв - 15:19 Футбол
«Реал» Винисиустың қысқы трансферде кетпейтінін мәлімдеді
20 Янв - 08:25 Футбол
Қазақстан құрамасы FIFA Series 2026 турнирінде Намибия, Комор аралдары және Кувейтпен ойнайды
19 Янв - 10:00 Футбол
«Ақтөбе» Миралем Пьяничтің ауысымы бойынша келісімге келді
19 Янв - 08:29 Футбол
Сенегал құрамасы Кубок Африка турнирінің чемпионы атанды
18 Янв - 13:00 Футбол
Нани «Ақтөбе» клубына ауысуға жақын
18 Янв - 09:25 Футбол
Ислам Чесноков дебют жасаған матчта «Хартс» Кубок Шотландиясынан шығып қалды
17 Янв - 20:21 Футбол
Килиан Мбаппе Испания чемпионатында жаңа мергендік рекорд орнатты
17 Янв - 16:00 Футбол
Криштиану Роналду 2025 жылдың ең жоғары табыс тапқан спортшысы атанды
17 Янв - 13:05 Футбол
Александр Меркель алғаш рет Қазақстан Премьер-лигасында өнер көрсетеді