Аргентинаның аспанында атқан оқ – қазақ қызына қола алып келді

Арина Алтухова
Қазақстандық мерген Арина Алтухова Аргентина астанасы Буэнос-Айресте өткен нысана көздеу бойынша әлем кубогының кезеңінде қола медаль иеленді.
Арина 50 метр қашықтыққа үш түрлі қалыпта ататын кіші калибрлі мылтықпен жарысқа түсті. Финалда 445.9 ұпай жинап, үздік үштікке енді.
Бірінші орынды 458.6 ұпаймен Үндістаннан келген Каур Самра алды. Күміс жүлде Германия өкілі Анита Мангольдқа бұйырды – оның нәтижесі 455.3 ұпай.