Дмитрий Попко Мексикада топ жарды

Дмитрий Попко

Дмитрий Попко

Қазақстандық теннисші Дмитрий Попко Мексиканың Морелия қаласында өткен ATP Challenger 125 турнирінің жеңімпазы атанды. 27 жастағы спортшы үшін бұл – маусымдағы ең ірі жетістіктердің бірі.

Финалда ол жарыстың бірінші нөмірлі қатысушысы, 2021 жылғы Astana Open турнирінің финалисі, австралиялық Джеймс Даквортты жеңді. Алғашқы сетте 1:6 есебімен есе жібергенімен, кейін екі партияда басым түсіп (6:2, 6:4), қарсыласын жарыс жолынан шығарып тастады.

Жекпе-жек 1 сағат 47 минутқа созылды. Осы уақыт ішінде Попко сегіз эйс жасап, алты брейк-пойнттың үшеуін ұтымды пайдаланды.

Бұл жеңіс Дмитрийдің рейтингтегі жағдайын жақсартып қана қоймай, алдағы жарыстарда өзіне деген сенімділігін арттыра түспек.

Тегтер:
Автор туралы

Айбар Рысдалует

Спортивный журналист и обозреватель. Специализируется на казахстанском футболе и олимпийских видах спорта. Побывал на Олимпийских играх в Токио и играх БРИКС.
Барлық авторлық жазбаларды көру