Михаил Шайдоров әлем чемпионатында үздік үштікке енді

Михаил Шайдоров

Михаил Шайдоров

Қазақстанның мәнерлеп сырғанау құрамасының көшбасшысы Михаил Шайдоров АҚШ-тың Бостон қаласында өтіп жатқан әлем чемпионатында қысқа бағдарламада сәтті өнер көрсетті.

Төрешілер Шайдоровтың өнерін 94,77 баллмен бағалады. Бұл нәтиже оған уақытша үшінші орынға көтерілуге мүмкіндік берді.

Қысқа бағдарламадан кейін көш басында — АҚШ өкілі Илья Малинин (110,41 балл), екінші орында — жапон спортшысы Юма Кагияма (107,09 балл).

Шешуші еркін бағдарлама 30 наурызға қараған түні өтеді. Жүлделі орындардың тағдыры дәл сол кезде анықталады.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру