«Хоффенхайм» түлегі Қазақстан құрамасына қосылуға дайын екенін айтты

Филипп Окс

Филипп Окс

Австрияның «Ферст» клубында ойнайтын жартылай қорғаушы Филипп Окс Қазақстан құрамасында ойнағысы келетінін мәлімдеді. Бұл туралы Meta-ratings.kz жазды. Оның айтуынша, Қазақстанмен байланыстыратын терең отбасылық тамыры бар.

«Қазақстан – ата-анамның туған жері. Бұл құрама үшін ойнау мен үшін мәртебе болар еді. Отбасым да қолдайды. Қазақстан құрамасының ойындарын, ел чемпионатын қарап жүремін. Қызықты. Егер мүмкіндік берілсе, оны пайдалануға дайынмын», – деді футболшы.

Филипп Окс Германияның Вертхайм қаласында дүниеге келген. Бірақ түп-тамыры Солтүстік Қазақстандағы Розовка ауылына барып тіреледі. Ол «Хоффенхайм» жүйесінің түлегі. Бұған дейін «Ганновер» мен «Зандхаузен» сапында да доп тепкен.

Орталық жартылай қорғаушы болғанымен, Филипп сол қапталда қорғаныс шебінде де ойнай алады. Жас кезінде Германия жастар құрамасында өнер көрсеткен.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
09 Мар - 21:29 Футбол
Самородов РПЛ матчында «Ахмат» сапындағы ең жоғары баға алды
09 Мар - 20:21 Футбол
Кенжебек Ресей Премьер-лигасында алғашқы матчын өткізді
08 Мар - 18:31 Футбол
Гвардиола Англияда екі матчқа шеттетілді
08 Мар - 12:54 Футбол
Самородов CIES нұсқасы бойынша Қазақстанның ең қымбат футболшысы атанды
08 Мар - 00:34 Футбол
ҚПЛ-2026 маусымы басталды: алғашқы ойын күнінде 12 гол соғылды
07 Мар - 20:21 Футбол
Луиш Нани «Ақтөбе» сапында Қазақстан чемпионатында дебют жасап, нәтижелі пас берді
07 Мар - 11:34 Футбол
«Реал» Юрген Клоппты болашақ бас бапкер ретінде қарастыруы мүмкін
07 Мар - 10:11 Футбол
«Интер Майами» иесі Лионель Мессидің жылдық жалақысын атады
07 Мар - 08:46 Футбол
«Қайрат» футзалдан Чемпиондар лигасының ширек финалында «Картахенаға» жол берді
06 Мар - 22:37 Футбол
«Семей» футзалдан Чемпиондар лигасының ширек финалында «Этуальға» жол берді