КФФ «Актобе» мен «Ордабасы» арасындағы матчтан кейін жаза қолданды
Қазақстан футбол федерациясының Бақылау-тәртіптік комитеті Қазақстан Премьер-лигасының 23-туры аясында өткен «Актобе» мен «Ордабасы» арасындағы матчтан кейін шешім шығарды, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.
Кездесу 18 қазанда Ақтөбеде өтіп, «Ордабасының» 3:1 есебіндегі жеңісімен аяқталған. Матчтан кейін бірнеше төрешілік шешімге қатысты дау туындап, ойынға қатысушылардың әрекеті де талқыға түсті.
Эпизодтарды қарау қорытындысы бойынша КФФ екі клубтың өкілдеріне қатысты тәртіптік шара қолданды. Бұған дейін матчтағы бірқатар даулы сәт, соның ішінде пенальти тағайындау және доптың қолға тиюіне қатысты эпизодтар үлкен қоғамдық резонанс тудырған болатын.
Айта кетейік, «Актобені» жеңгеннен кейін «Ордабасы» чемпионаттағы көшбасшылығын нығайтты. Шымкенттік клубтың еншісінде 67 ұпай бар. Ал «Актобе» 45 ұпаймен бесінші орында келеді.



