Рыбакина әлемдік рейтингтегі көшбасшылығын сақтады, Путинцева 14 орынға көтерілді
Қазақстандық теннисші Елена Рыбакина WTA рейтингінде бірінші орнын сақтап қалды, ал Юлия Путинцева бірден 14 саты жоғары көтеріліп, жағдайын жақсартты, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz. Сонымен қатар Анна Данилина жұптық сындағы әлемдік рейтингтің үздік ондығындағы орнын сақтап қалды.
Рыбакинаның еншісінде 9 197 ұпай бар. Екінші орында 7 560 ұпай жинаған Беларусь өкілі Арина Соболенко тұр. Үшінші сатыға 6 371 ұпайы бар ресейлік Мирра Андреева жайғасты. Ал үздік бестікті америкалық теннисшілер Джессика Пегула мен Кори Гауфф түйіндейді. Олардың есептерінде тиісінше 6 235 және 5 974 ұпайдан бар.
Қазақстандықтар арасындағы ең жоғары өсімді Юлия Путинцева көрсетті. Елдің екінші ракеткасы бірден 14 орынға көтеріліп, 969 ұпаймен әлемдік тізімде 65-сатыға орналасты. Соня Жиенбаева 166 ұпаймен 381-орында келеді. Жібек Құламбаева 117 ұпаймен 479-сатыда болса, Аружан Сағандықова 59 ұпаймен 678-орынға жайғасты. Асылжан Арыстанбекова 57 ұпаймен 692-орында, Екатерина Дмитриченко 31 ұпаймен 884-сатыда тұр.
Жұптық сында Қазақстан өкілі Анна Данилина 6 135 ұпаймен әлемнің жетінші ракеткасы атанып отыр. Бұл рейтингте чехиялық Катержина Синякова 11 260 ұпаймен көш бастаса, америкалық Тейлор Таунсенд 9 415 ұпаймен екінші, бразилиялық Луиза Стефани 9 220 ұпаймен үшінші орында. Бұған дейін Данилина жұптық рейтингте төртінші орынға көтеріліп, карьерасындағы ең үздік көрсеткішке қол жеткізген. Биыл қазақстандық теннисші Дохадағы WTA-1000 турнирінде жеңіске жетіп, Аустралия ашық чемпионаты мен «Ролан Гаррос» турнирлерінің финалына шықты.



