«Рига» жеңіске жақын болды: латвиялық клубтың бапкері «Қайратқа» қарсы ойын туралы айтты

6acdb89e376f4

Латвияның «Рига» командасының бас бапкері Адриан Гуля Алматының «Қайратына» қарсы өткен Конференция лигасының негізгі кезеңіндегі алғашқы матчқа баға берді, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz. Ригада өткен кездесу 1:1 есебімен аяқталғанымен, словакиялық маман өз командасының, әсіресе бірінші таймда, жеңіске жетуге толық мүмкіндігі болғанын атап өтті.

«Рига» ойын басында есепте артта қалғанына қарамастан, шабуылды күшейтіп, бірнеше қауіпті сәт ұйымдастырған. Гуляның айтуынша, команда жоғары прессинг арқылы ойнап, допты бақылауда және позициялық шабуылда жоспарланған тапсырмаларды орындаған. Екінші таймда «Қайрат» ойын жүйесіне өзгеріс енгізіп, допқа көбірек иелік ете бастаған. «В целом это была очень хорошая, красивая игра. Отличный вечер для рижан и нашей команды. Мы показали качественное выступление в тех моментах, которые я и игроки могли контролировать. Особенно в первом тайме – мы были лучше как команда и были очень близки к тому, чтобы изменить счёт с 0:1 до 2:1 или даже 3:1. Но это европейский уровень. «Кайрат» – очень опытная команда. Во втором тайме они немного изменили расстановку и больше владели мячом. У нас были возможности выиграть этот матч, но, думаю, это стало для нас своего рода «налогом» на дебют в групповом этапе еврокубков. В целом мои игроки играли так, как мы хотели – очень интенсивно, с высоким прессингом, с очень хорошей позиционной атакой. Мы имели хорошие шансы на победу, но пока не смогли ими воспользоваться. Однако мы будем продолжать сражаться и показывать наше лучшее выступление снова и снова. Мои ребята сделали максимум для победы. Мы заработали только одно очко. Нам надо оставаться скромными. Это первое очко для «Риги» в Лиге Конференций и мы чувствуем, что можем выигрывать в следующих матчах», – деді Рига командасының бас бапкері.

Матчтағы есепті бесінші минутта Марк Гуаль ашты. «Қайрат» шабуылшысы өзіне белгіленген пенальтиді дәл орындап, алматылықтарды алға шығарды. Алайда алаң иелері көп ұзамай таразы басын теңестірді. 12-минутта Салах Улад Максим Тонишевтің пасынан кейін қақпаны дәл көздеп, есепті 1:1-ге жеткізді. Кездесудің екінші бөлігінде де қауіпті шабуылдар аз болған жоқ. Соның ішінде «Қайраттың» қақпашысы Темірлан Анарбеков Мохамед Бадамусидің 11 метрлік айып добын қайтарып, командасының тең нәтижені сақтап қалуына мүмкіндік берді.

Бұл ойын «Рига» үшін еурокубоктардың негізгі кезеңіндегі алғашқы кездесу болды. Латвиялық клуб тарихи дебютін бір ұпаймен бастады, ал «Қайрат» сырт алаңнан тең нәтижемен оралды. Алматы командасы Конференция лигасындағы келесі матчын 22 қазанда өз алаңында Грекияның «Панатинаикос» клубына қарсы өткізеді. Оған дейін Рафаэль Уразбахтин шәкірттері 18 қазанда Қазақстан Премьер-лигасының 23-туры аясында Орталық стадионда павлодарлық «Иртышпен» кездеседі.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
16 Окт - 13:15 Футбол
«Рига» жеңіске жақын болды: латвиялық клубтың бапкері «Қайратқа» қарсы ойын туралы айтты
16 Окт - 11:20 Футбол
Уразбахтин «Қайраттың» Ригадағы нәтижесіне баға берді
16 Окт - 08:41 Футбол
«Рига» қорғаушысы «Қайратпен» тең ойыннан кейін пікір білдірді
14 Окт - 18:40 Футбол
«Астана» «Ертісті» жеңіп, ҚПЛ-дағы үшінші орнын нығайтты
14 Окт - 18:00 Футбол
«Қайрат» екі ойында 13 гол соғып, УЕФА Жастар лигасының келесі кезеңіне өтті
14 Окт - 15:15 Футбол
Нұрали Жақсылық «Қайсарда» жалға алу негізінде ойнауын жалғастырады
14 Окт - 13:45 Футбол
Тақырып: «Челси» рұқсат бермеді: Дастан Сатпаевтың алаңға қашан оралатыны айтылды
14 Окт - 09:20 Футбол
Кенжебек пен Самородов үшін маңызды матч: «Ахмат» «Динамоны» қабылдайды
13 Окт - 16:00 Футбол
Лионель Месси әлемдік футболдың болашақ жұлдыздарын атады
13 Окт - 14:27 Футбол
«Ақтөбе» Қазақстан жастар құрамасының вингеріне қызығушылық танытып отыр