Қазақстан атынан ауыр атлетикадан әлем чемпионатында жеті спортшы бақ сынайды

0c4f4caa66df1b2d735ab6f60f8b0f6c

Қазақстанның ауыр атлетикадан ұлттық құрамасы Қытайдың Нинбо қаласында өтетін әлем чемпионатына қатысатын спортшылар тізімін жариялады, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Ерлер арасында ел намысын 75 келіге дейінгі салмақта Петр Хребтов қорғайды. 85 келіге дейінгі санатта Алексей Чуркин мен Едіге Емберді өнер көрсетеді. Ал Нұрғиса Әділетұлы 95 келіге дейінгі салмақта, Артем Антропов 110 келіге дейінгі санатта бақ сынайды.

Әйелдер құрамында екі спортшы бар. Аянат Жұмағали 77 келіге дейінгі салмақта жарысқа қатысса, Любовь Ковальчук 86 келіден жоғары салмақта өнер көрсетеді. Осылайша, Қазақстан құрамасының әлем чемпионатындағы жалпы құрамы жеті спортшыдан тұрады.

27 қазан мен 8 қараша аралығында өтетін әлемдік дода жаңартылған салмақ дәрежелері бойынша ұйымдастырылады. Сонымен қатар жарыс 2028 жылы Лос-Анджелесте өтетін Олимпиада ойындарына іріктеу кезеңі үшін маңызды. Спортшылардың біліктілік рейтингіне енуі үшін алғашқы іріктеу кезеңіндегі үш турнирде және екінші кезеңдегі екі жарыста нәтиже көрсетуі қажет.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру