ҚФФ өкілдері УЕФА Жасөспірімдер лигасының матчына тағайындалды
Қазақстан футбол федерациясының өкілдері Алматының «Қайрат» және Черногорияның «Младост Донья Горица» командалары арасындағы УЕФА Жасөспірімдер лигасының бірінші кезеңіндегі қарымта матчқа тағайындалды, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.
Кездесуде төртінші төреші міндетін Елдос Канаев атқарады. Ол төрешілер бригадасына көмектесіп, матч кезіндегі ұйымдастыру мәселелерін қадағалайды. Ал төрешілер инспекторы қызметін ҚФФ-ның төрешілік, инспекциялау және VAR дамыту департаментінің басшысы Нуну Паррейра де Каштру атқарады.
Қарымта матч 14 қазанда Алматыдағы «Қайрат» академиясының стадионында өтеді. Кездесу Қазақстан уақытымен 15:00-де басталады.
Еске салайық, алғашқы ойында алматылық команда 5:0 есебімен жеңіске жетті. Екі матчтың қорытындысы бойынша жеңіске жеткен команда Чемпиондар жолының екінші кезеңінде Будапешттің венгриялық МТК клубымен кездеседі.



