Ресейлік БАҚ ҚПЛ-дің 28-турының қорытындысын бағалады
Ресейдің «Футбол на Куличках» порталы Қазақстан Премьер-лигасының 28-турының қорытындысын шығарып, «Ордабасының» көшбасшылығын, «Ақтөбенің» жүлделі орындар үшін күреске қайта қосылғанын және турнир кестесінің төменгі бөлігіндегі тартысты атап өтті, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.
Басылымның пікірінше, «Ордабасы» ең жақын қарсыласынан үш ұпайлық басымдығын сенімді түрде сақтап қалды. Шымкенттік клуб «Қайсарды» ірі есеппен жеңді. Хет-трик авторы Бьорн Йонсен 14 голмен сұрмергендер көшін жеке бастады. Ал «Қайрат» «Атырауды» әрең жеңгенімен, көшбасшыға жақындай алмады.
Үшінші орын үшін күреске сырт алаңда «Елімайды» сенімді түрде жеңген «Ақтөбе» қайта қосылды. «Астананың» «Тоболдан», ал «Оқжетпестің» «Ұлытаудан» жеңілуі де ақтөбеліктердің жағдайын жақсартты. Дегенмен елордалық клубтың бір ойыны қорда бар. Турнир кестесінің төменгі бөлігінде «Атырау» «Жеңісті» жеңіп, төмендеу аймағынан шықты да, «Қайсарды» сол аймаққа ығыстырды. Ал «Каспий» «Жеңіске» қарсы жігерлі жеңісінің арқасында тоғызыншы орынға көтерілді.
Қазақстан Премьер-лигасының кейінге шегерілген 23-турының матчтары 17 және 18 қазанда өтеді.



