Елена Рыбакина бастаған 11 теннисші Ухань турниріне қатыспайды

mm 1791115344252 492916 1

Қытайдың Ухань қаласында өтетін WTA 1000 санатындағы турнир басталмай жатып, 11 теннисші жарысқа қатысудан бас тартты. Олардың қатарында Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина да бар, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Бұған дейін Рыбакина табан жарақатына байланысты турнирден бас тартқан еді. Кейін Кори Гауфф, Аманда Анисимова, Виктория Мбоко, Наоми Осака, Мэдисон Киз, Эмма Наварро, Анастасия Потапова, Хейли Баптист, Барбора Крейчикова және Каролина Плишкова да жарысқа қатыспайтыны белгілі болды. Олардың негізгі кезеңдегі орындары басқа теннисшілерге беріледі.

Wuhan Open турнирі 2026 жылғы 12-18 қазан аралығында өтеді. Жарыстың жалпы жүлде қоры төрт миллион доллардан асады.

Турнирдің қазіргі чемпионы – америкалық Кори Гауфф. Ол да биылғы жарысқа қатысудан бас тартқан теннисшілердің қатарында.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар