Тимофей Скатов Шанхайдағы ATP-1000 турнирінің негізгі кезеңіне өте алмады
Қазақстандық теннисші Тимофей Скатов Шанхайда өтіп жатқан ATP-1000 санатындағы турнирдің негізгі кезеңіне өте алмады. Ол іріктеу кезеңінің финалында Австралия өкілі Бернард Томичтен 5:7, 4:6 есебімен жеңілді, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.
Кездесу 1 сағат 23 минутқа созылды. Скатов алты эйс жасап, екі рет қосарланған қателік жіберді және өз добын екі рет бере салды. Сонымен қатар қазақстандық теннисші бірде-бір брейк жасай алмады.
Шанхайдағы турнир хард төсенішінде 5-18 қазан аралығында өтеді. Скатов бұған дейін іріктеудің бірінші кезеңінде грек Стефанос Сакелларидисті 6:3, 6:2 есебімен жеңген еді.
ATP-1000 санатындағы жарыстың жүлде қоры 9,4 миллион доллардан асады.



