Юлия Путинцева Азия ойындарының қола жүлдесін иеленді
Қазақстандық теннисші Юлия Путинцева Айти және Нагояда өтіп жатқан 2026 жылғы Азия ойындарында қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz. Жартылай финалда ол Қытай өкілі Чжан Шуайдан екі сетте 4:6, 2:6 есебімен жеңілді.
Азия ойындарында үшінші орын үшін арнайы матч өткізілмейді. Осыған байланысты жартылай финалда жеңілген екі теннисші де қола жүлдеге ие болады. Осылайша, Путинцева Қазақстан құрамасының қоржынына тағы бір медаль салды.
Турнир барысында Путинцева қатарынан үш жеңіске жетті. Алғашқы кездесулерінде Пәкістан өкілі Ушна Сухаилді 6:1, 6:0, Қытай Тайбэйі өкілі Ян Яиді 6:1, 6:1 есебімен жеңді. Ал ширек финалда Таиланд өкілі Мананчайя Савангкаевтан 6:3, 6:0 есебімен басым түсті.
Путинцева биыл Чжан Шуайдан екінші рет жеңіліп отыр. Тамыз айында қытайлық теннисші WTA 1000 санатындағы Монреаль турнирінің бірінші айналымында қазақстандық спортшыны 6:4, 6:1 есебімен жеңген болатын. 2026 жылы Чжан Шуай жұптық разрядта Australian Open турнирінде де жеңіске жетті. Айти және Нагояда өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындары 4 қазанға дейін жалғасады.



