Максим Самородовтың «Спартакқа» ауысуы медициналық тексерістен кейін тоқтады
Қазақстан құрамасының шабуылшысы Максим Самородовтың «Ахматтан» Мәскеудің «Спартагына» ауысуы жүзеге аспайтын болды, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz. Екі клуб трансфердің негізгі шарттарын алдын ала келіскенімен, медициналық тексерістен кейін мәскеулік команда футболшыны алудан бас тартқан.
«Чемпионаттың» мәліметінше, тараптар келісімді аяқтауға жақын болған. Тіпті трансфер құны шамамен 650 миллион рубль болады деп күтілген. Алайда Самородовтың медициналық тексеру нәтижелері «Спартак» өкілдерін қанағаттандырмай, келіссөздер осыдан кейін тоқтаған.
Мәскеулік клубтың қазақстандық шабуылшыға қызығушылығы трансферлік терезе жабылмай тұрып пайда болған. «Спартак» Самородовты шабуыл шебін күшейтетін футболшылардың бірі ретінде қарастырған. Клубтар қаржылық шарттарды да келісіп үлгерген, бірақ соңғы келісімге қол қою мүмкін болмады.
Осылайша 24 жастағы футболшы «Ахмат» сапында қала береді. Оның Грозный клубымен келісімшарты 2028 жылдың жазына дейін есептелген. Самородов биылғы маусымда барлық турнирді қосқанда сегіз матчқа қатысып, бір гол соқты. Transfermarkt мәліметінше, қазақстандық шабуылшының қазіргі нарықтағы бағасы 3 миллион еуроны құрайды.



