«Әл-Наср» камбэк жасап, Сауд Арабиясы чемпионатының көшін бастады

Криштиану Роналду, Футбол

Фото: Al Hilal

«Әл-Наср» Сауд Арабиясы чемпионатының 2026/27 жылғы маусымындағы төртінші турда «Әл-Таавунды» жеңді. Эр-Рияд клубы ойын барысында есепте жеңіліп жатқанымен, кездесудің екінші бөлігінде таразы басын өз пайдасына аударып, 2:1 есебімен жеңіске жетті.

«Әл-Таавун» 11-минутта есеп ашты. Бассам аль-Хурайджи мүмкіндікті сәтті пайдаланып, командасын алға шығарды. Бірінші таймның соңында «Әл-Наср» есепті теңестірді. Қосылған уақытта Саму Кошта Садио Маненің пасынан кейін допты қақпаға бағыттады.

Екінші тайм басталғаннан кейін Криштиану Роналду бастаған «Әл-Наср» шабуылды күшейтіп, көп ұзамай есепте алға шықты. Жеңіс голын португалиялық шабуылшы соқты. Бұл Роналдудың Сауд Арабиясы чемпионатының осы маусымындағы үшінші матчта соққан екінші голы болды.

Төрт турдан кейін «Әл-Наср» 12 ұпай жинап, турнир кестесінде бірінші орынға шықты. Эр-Рияд командасы осы уақытқа дейін 12 гол соғып, өз қақпасына үш доп жіберген. Алдағы чемпионат матчы командаға көшбасшылық орнын сақтап қалу үшін маңызды болады.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
14 Окт - 18:40 Футбол
«Астана» «Ертісті» жеңіп, ҚПЛ-дағы үшінші орнын нығайтты
14 Окт - 18:00 Футбол
«Қайрат» екі ойында 13 гол соғып, УЕФА Жастар лигасының келесі кезеңіне өтті
14 Окт - 15:15 Футбол
Нұрали Жақсылық «Қайсарда» жалға алу негізінде ойнауын жалғастырады
14 Окт - 13:45 Футбол
Тақырып: «Челси» рұқсат бермеді: Дастан Сатпаевтың алаңға қашан оралатыны айтылды
14 Окт - 09:20 Футбол
Кенжебек пен Самородов үшін маңызды матч: «Ахмат» «Динамоны» қабылдайды
13 Окт - 16:00 Футбол
Лионель Месси әлемдік футболдың болашақ жұлдыздарын атады
13 Окт - 14:27 Футбол
«Ақтөбе» Қазақстан жастар құрамасының вингеріне қызығушылық танытып отыр
13 Окт - 12:05 Футбол
«Ливерпуль» 47 миллион еуроға Алиссонға ықтимал ізбасар тапты
13 Окт - 10:45 Футбол
ҚФФ өкілдері УЕФА Жасөспірімдер лигасының матчына тағайындалды
13 Окт - 10:00 Футбол
Қазақстанның U-17 әйелдер құрамасы Еуропа чемпионатының іріктеу кезеңінде екінші рет жеңілді