Роналдиньо Италияның «Равенна» клубінің ортақ иесі атанып, алаңға қайта шығуы мүмкін
Бразилия футболының аңызы Роналдиньо Италияда мансабының жаңа кезеңін бастады. Ол «Равенна» клубының ортақ иелерінің біріне айналып, футбол алаңына қайта шығу мүмкіндігін де жоққа шығармады, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.
2005 жылғы «Алтын доп» иегері, 46 жастағы Роналдиньо Равенна қаласына келіп, клуб жобасына акционер ретінде қосылды. «Равенна» президенті Иньяцио Чиприани бұрынғы «Барселона», «Милан» және Бразилия құрамасының ойыншысы клубтың құрылымына кіретінін растады. Сонымен қатар Роналдиньо ресми матчтарға қатыса ала ма, жоқ па, әзірге нақты білмейтінін айтты. Оның сөзінше, алаңға шығу туралы шешімді команданың бас бапкері қабылдайды.
Бразилиялық футболшының жеке мақсаты да бар. Ол кәсіби мансабындағы голдар санын 300-ге жеткізгісі келеді және бұл межеге «Равенна» сапында жету мүмкіндігін жоққа шығармайды. Роналдиньо Италиямен байланысты жақсы естеліктері көп екенін, әсіресе «Миландағы» кезеңін ерекше атап өтті. Ол итальяндық клубтың ойындарын әлі де бақылап жүргенін айтып, болашақта «Равенна» мен «Милан» арасында жолдастық кездесу ұйымдастыруға ниетті екенін жеткізді.
«Равенна» президенті Роналдиньоның клубқа келуі тек жарнамалық мақсатпен байланысты емес екенін атап өтті. Оның айтуынша, бразилиялық команда жобасының толыққанды серіктесіне айналып, клубтың дамуына қатысады. «Равенна» қазіргі уақытта Италияның Серия С чемпионатында өнер көрсетеді. Команданың бас бапкері – Андреа Мандорлини. Жаңа маусымда клуб алғашқы матчын 24 тамызда «Реджанаға» қарсы өткізеді.



