Рыбакина Торонто турнирінің ширек финалына шықты

Елена Рыбакина

Фото: WTA

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Канаданың Торонто қаласында өтіп жатқан WTA-1000 санатындағы хард турнирдің ширек финалына жолдама алды, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Әлемдік рейтингте екінші орында тұрған қазақстандық теннисші төртінші айналымда ресейлік Людмила Самсоновамен кездесті. Ол қазір WTA рейтингінде 55-орында тұр.

Тартысты өткен матч үш сетке созылып, Рыбакина 6:4, 4:6, 6:4 есебімен жеңіске жетті. Кездесу 2 сағат 54 минутқа жалғасты.

Ойын барысында Рыбакина 11 эйс жасап, алты рет қос қателік жіберді және 17 брейк-пойнттың жетеуін тиімді пайдаланды. Ширек финалда ол Лейла Фернандес пен Наоми Осака арасындағы матчтың жеңімпазымен кездеседі.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру