Соня Жиенбаева Испаниядағы турнирді аяқтады

Фото: ФТК
Қазақстандық теннисші Соня Жиенбаева Испанияның Оренсе қаласында өтіп жатқан ITF W75 турнирінің жұптық сынындағы өнерін аяқтады, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.
Ширек финалда Жиенбаева ресейлік Екатерина Яшинамен бірге испаниялық Селия Сервино Руис пен франциялық Тифани Леметрге қарсы ойнады.
Тартысты өткен матч үш сетке созылып, испаниялық-франциялық жұптың жеңісімен аяқталды – 6:4, 1:6, 11:9. Кездесу 1 сағат 41 минутқа жалғасты.
ITF W75 санатындағы турнир 3–9 тамыз аралығында Оренсе қаласында ашық хард корттарында өтіп жатыр. Жарыстың жалпы жүлде қоры 60 мың АҚШ долларын құрайды.


