Сатпаев ойнаған матчта «Челси» «Ювентустан» жеңілді
Лондондық «Челси» Гонконгте өткен жолдастық кездесуде туриндік «Ювентустан» жеңіліп қалды, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.
«Кай Так» стадионында өткен бақылау матчы Италия клубының 1:0 есебіндегі жеңісімен аяқталды. Кездесудегі жалғыз голды 68-минутта косоволық жартылай қорғаушы Эдон Жегрова соқты.
Қазақстан құрамасының шабуылшысы Дастан Сәтпаев ойынды қосалқы құрамнан бастады. «Челсидің» бас бапкері Хаби Алонсо 17 жастағы футболшыны 65-минутта алаңға шығарды. Алайда қазақстандық шабуылшы ойын тағдырына әсер ете алмады.
Бұл Сәтпаев үшін «Челсидің» маусым алдындағы дайындығындағы үшінші матч болды. Бұған дейін ол «Уэстерн Сидней Уондерерске» қарсы кездесуді негізгі құрамда бастап, ағылшын клубы сапындағы алғашқы голын соққан болатын. Сондай-ақ «Тоттенхэмге» қарсы ойында екінші таймда алаңға шықты.



