Максим Самородовқа МЛС клубы қызығушылық танытып отыр

Максим Самородов. Фото: samorodov_10_
Қазақстан құрамасы мен Грозныйдың «Ахмат» клубының вингері Максим Самородов мансабын АҚШ чемпионатында жалғастыруы мүмкін, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.
«Серый CARDINAL» Telegram-арнасының мәліметінше, 24 жастағы қазақстандық футболшыға МЛС клубтарының бірі қызығушылық танытып отыр. Алайда қай клуб екені әзірге жарияланған жоқ.
Самородов «Ахмат» сапында 2024 жылдан бері өнер көрсетіп келеді. Өткен маусымда ол барлық турнирде 34 матч өткізіп, бес гол соғып, он нәтижелі пас берді.
Қазақстан ұлттық құрамасы сапында 24 жастағы футболшы 33 матчқа қатысып, бес гол мен үш нәтижелі пастың авторы атанды. Оның «Ахматпен» жасасқан келісімшарты 2028 жылдың жазына дейін күшінде.



