Лионель Месси Аргентина құрамасындағы мансабын аяқтады
Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси ӘЧ-2026 финалынан кейін ұлттық құрамадағы мансабын аяқтау туралы шешім қабылдады, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.
Журналист Эрнан Кастильоның мәліметінше, әлем чемпионатының финалы алдында 39 жастағы капитан киім ауыстыратын бөлмеде командаластарына бұл матчтың өзі үшін Аргентина құрамасы сапындағы соңғы ойын болатынын айтқан.
ӘЧ-2026 финалында Аргентина құрамасы қосымша уақытта Испаниядан 0:1 есебімен жеңілді. Кездесудегі жалғыз голды Ферран Торрес соқты. Турнир барысында Месси сегіз матч өткізіп, сегіз гол соғып, төрт нәтижелі пас берді.
Лионель Месси Аргентина құрамасы сапында жалпы 207 матч өткізіп, 125 гол мен 68 нәтижелі пастың авторы атанды. Ол ұлттық құрамамен бірге 2022 жылғы әлем чемпионы атанып, екі мәрте Америка кубогын және Финалиссима трофейін жеңіп алды.



