ӘЧ-2026 жеңімпаздары тарихта алғаш рет чемпиондық жүзіктер алады
ӘЧ-2026 жеңімпаздары турнир тарихында алғаш рет арнайы чемпиондық жүзіктермен марапатталады, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.
ФИФА мәліметінше, әрбір жүзік шектеулі таралыммен шығарылады. Барлығы 2026 дана жеке нөмірленген сақина дайындалады. Оның 30-ы әлем чемпионы атанған құраманың футболшылары мен бапкерлер штабына табысталса, қалған 1996 данасы ФИФА-ның ресми лицензиялық өнімі ретінде әлем бойынша сатылымға шығарылады.
Жүзіктің бір бетінде әлем чемпионатының кубогы бейнеленсе, екінші жағында чемпион атанған құраманың эмблемасы орналастырылады. Финал аяқталғаннан кейін капитан мен бас бапкер марапаттау рәсіміне қатысу үшін уақытша жүзіктер алады. Кейін барлық 30 адамға арнайы тапсырыспен жеке есімдері жазылған чемпиондық жүзіктер дайындалып, салтанатты түрде табысталады.
ӘЧ-2026 финалында Испания мен Аргентина құрамалары кездеседі. Шешуші матч 20 шілдеде Қазақстан уақытымен 00:00-де басталады.



