The Athletic ӘЧ-2026 топтық кезеңінің үздік бес футболшысын атады

77630b8feca1d55c8b166f1bbd47fe6f

The Athletic басылымы ӘЧ-2026 топтық кезеңінің үздік ойыншыларының рейтингін жариялады, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz. Тізімнің көшін Аргентина құрамасының капитаны Лионель Месси бастады. Ал үздік бестікке Франция құрамасының үш футболшысы мен Бразилия құрамасының бір ойыншысы енді.

Рейтингте екінші орынға Франция шабуылшысы Килиан Мбаппе жайғасты. Үшінші орын Бразилия құрамасының шабуылшысы Винисиус Жуниорға бұйырды. Төртінші және бесінші орындарды Франция құрамасының тағы екі ойыншысы — Усман Дембеле мен Майкл Олисе иеленді. Осылайша, топтық кезеңнің үздік ойыншылары қатарында ең көп өкіл көрсеткен құрама Франция болды.

Лионель Месси топтық кезеңдегі үш матчта алты гол соғып, турнир мергендерінің көшін бастап тұр. Одан кейін Килиан Мбаппе, Усман Дембеле, Винисиус Жуниор және Эрлинг Холанд төрт голдан соғып келеді. Сонымен қатар, аргентиналық шабуылшы әлем чемпионаттарындағы голдарының санын 19-ға жеткізіп, Мирослав Клозенің рекордын жаңартты. Бұған қоса, ол әлем чемпионаттарында қатарынан жеті матчта гол соққан алғашқы футболшы атанды.

ӘЧ-2026 турнирінің топтық кезеңі аяқталып, командалар плей-офф кезеңіндегі бәсекені бастады. АҚШ, Канада және Мексикада өтіп жатқан әлем біріншілігі 19 шілдеде мәресіне жетеді.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
06 Окт - 18:28 Футбол
Қазақстан мен Фарер аралдары матчқа негізгі құрамдарын жариялады
06 Окт - 17:26 Футбол
Қазақстан U-19 құрамасы Еуро-2027 іріктеу кезеңін жеңіліспен бастады
06 Окт - 17:00 Футбол
Татьяна Сорокопудова әйелдер арасындағы Еуро U-19 іріктеу матчтарына тағайындалды
06 Окт - 16:00 Футбол
Криштиану Роналду Жорже Жезуш Португалия құрамасының бас бапкері болған кезде ұлттық құрамаға оралмайды
06 Окт - 15:06 Футбол
Этан Мбаппе «Фенербахчеге» ауысуы мүмкін
06 Окт - 10:45 Футбол
Иван Башич Босния және Герцеговина құрамасына жеңіс әкелді
06 Окт - 09:15 Футбол
Венгрия Украина құрамасын жеңіп, Ұлттар лигасындағы топта екінші орынға көтерілді
06 Окт - 08:30 Футбол
Италия Түркияны жеңіп, Ұлттар лигасында екінші орынға көтерілді
05 Окт - 18:02 Футбол
Наурызбек Жагоров: «Фарер аралдарына қарсы матчқа толық дайынбыз»
05 Окт - 17:25 Футбол
Джон ван ’т Схип: «Бізге жеңіс керек, сондықтан шабуылда мүмкіндік іздеуіміз қажет»