Ислам Чесноков «Тобылға» оралғаннан кейінгі әсерімен бөлісті

Ислам Чесноков

Фото: Edinburgh News

Қазақстан құрамасы мен «Тобылдың» жартылай қорғаушысы Ислам Чесноков «Алтайды» 3:1 есебімен жеңген матчтан кейін өз әсерімен бөлісті, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Қазақстандық футболшы Қостанай клубына қайта оралғанына қуанышты екенін айтып, команда маусымдағы жағдайды түзету үшін бар күшін салатынын жеткізді.

Матч аяқталған соң Ислам Чесноков жанкүйерлерге қолдауы үшін алғыс айтып, «Тобыл» сапына қайта қосылғанына қуанышты екенін атап өтті. Оның айтуынша, Қостанай клубы әрдайым жеңіс үшін ойнауы тиіс және команда қазіргі маусымда турнирлік жағдайын жақсартуға тырысады.

«Қостанайға қайта оралғаныма өте қуаныштымын. Оның үстіне, жеңіспен басталған матч ерекше әсер сыйлады. Қостанай әрқашан жеңуі керек. Біз осы маусымдағы жағдайды түзету үшін бар күшімізді саламыз. Құрметті жанкүйерлер, қолдауларыңызға рақмет», – деді Чесноков «Тобыл» клубының баспасөз қызметіне берген сұхбатында.

«Тобыл» Ислам Чесноковтың шотландиялық «Хартстан» қайта оралғанын 28 маусымда ресми түрде жариялады. Футболшымен жасалған келісімшарт 2028 жылдың соңына дейін есептелген. Transfermarkt мәліметінше, трансфер құны 400 мың еуроны құрады. КПЛ-дың 15 турында «Тобыл» 15 ұпай жинап, турнир кестесінде 13-орында тұр.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
21 Авг - 15:05 Футбол
ФИФА Қазақстан футбол федерациясына жас футболшыларды дамытуға 250 мың доллар грант бөлді
21 Авг - 09:15 Футбол
Роналдиньо Италияның «Равенна» клубінің ортақ иесі атанып, алаңға қайта шығуы мүмкін
20 Авг - 18:02 Футбол
«Хан-Тәңірі» жеті гол соғылған матчта «Тобыл М»-ды жеңді
20 Авг - 09:26 Футбол
Андрей Мартин «Ордабасының» Қазақстан кубогының финалына шығуын бағалады
20 Авг - 08:30 Футбол
«Ордабасы» мен «Қайсар» Қазақстан кубогының финалында кездеседі
19 Авг - 16:45 Футбол
Рафаэль Уразбахтин «Кайратқа» айтылған сынға жауап берді
19 Авг - 09:15 Футбол
«Әл-Наср» Сауд Арабиясы Король кубогінің 1/8 финалына шықты
19 Авг - 08:30 Футбол
«Ахмат» Кенжебекпен бірге Ресей кубогінде алғашқы жеңісіне жетті
10 Авг - 15:32 Футбол
Левандовски «Барселона» аңыздар тізіміне енді
10 Авг - 13:54 Футбол
Санжар Сатановқа РПЛ клубы қызығушылық танытуда