АҚШ топ көшбасшысы атанды, Бразилия алғашқы жеңісіне қол жеткізді

turkiye paraguay battle to keep knockout hopes alive in group d 3222296 202606200615 20260620061529 1

None

2026 жылғы футболдан әлем чемпионатында С және D топтарындағы екінші тур матчтары аяқталды, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz. Ойын күнінің қорытындысы бойынша АҚШ, Марокко, Бразилия және Парагвай құрамалары маңызды нәтижелерге қол жеткізді.

D тобында АҚШ құрамасы қатарынан екінші жеңісіне жетіп, Австралияны 2:0 есебімен ұтты. Матчтың 11-минутында австралиялық қорғаушы Кэмерон Бургесс автогол авторы атанса, бірінші тайм аяқталар тұста Алекс Фримен есеп айырмасын ұлғайтты. Осы топтағы тағы бір кездесуде Парагвай Түркияны 1:0 есебімен жеңді. Матчтағы жалғыз голды екінші минутта Матиас Галарса соқты. Мигель Альмирон қызыл қағаз алып алаңнан қуылғанына қарамастан, парагвайлықтар жеңісті сақтап қалды. Ал Түркия екі турдан кейін плей-оффқа шығу мүмкіндігінен айырылды.

С тобында Марокко құрамасы Шотландияны 1:0 есебімен жеңді. Кездесудегі жалғыз голды ойын басталғаннан кейін бір минуттан сәл асқанда Исмаэль Сайбари соғып, турнирдегі ең жылдам голдың авторы атанды. Кейін Бразилия Гаитиден 3:0 есебімен басым түсті. Матчтың басты кейіпкері Матеус Кунья болды. Ол алғашқы таймда екі гол соқты. Сонымен қатар Винисиус Жуниор да мергендік танытып, бразилиялықтардың алғашқы жеңісіне үлес қосты.

Екі турдан кейін D тобында алты ұпаймен АҚШ көш бастап тұр. Австралия мен Парагвайдың еншісінде үш ұпайдан бар, ал Түркия келесі кезеңге шығу мүмкіндігін жоғалтты. С тобында Марокко мен Бразилия төрт ұпайдан жинап, алғашқы екі орынды бөлісіп тұр. Шотландияда үш ұпай бар, ал Гаити әзірге ұпай еншілей алған жоқ.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
20 Июн - 09:11 Футбол
«Қайрат» футзалдан Қазақстан чемпионаты финалының алғашқы матчында жеңіске жетті
20 Июн - 08:35 Футбол
АҚШ топ көшбасшысы атанды, Бразилия алғашқы жеңісіне қол жеткізді
19 Июн - 08:32 Футбол
Мексика плей-офф кезеңіне шықты, Канада Қатарды тас-талқан етті
18 Июн - 20:01 Футбол
Неймар әлем чемпионатындағы кезекті ойынды өткізіп жібереді
18 Июн - 10:34 Футбол
Сәтпаев «Қайраттағы» қоштасу матчын дубльмен аяқтады
18 Июн - 08:45 Футбол
Англия жеңіспен бастады, Өзбекстан әлем чемпионатындағы алғашқы ойында жеңілді
17 Июн - 16:54 Футбол
Бернарду Силва «Реалдың» ойыншысы атанды
17 Июн - 15:44 Футбол
Қазақстан құрамасының ойыншысы «Қызылжарға» ауысуға жақын
17 Июн - 13:39 Футбол
«Астананың» Конференция лигасындағы ықтимал қарсыластары белгілі болды
17 Июн - 13:03 Футбол
«Тобылдың» Конференция лигасындағы ықтимал қарсыластары анықталды