Мексика плей-офф кезеңіне шықты, Канада Қатарды тас-талқан етті

images 1

2026 жылғы футболдан әлем чемпионатында А және В топтарындағы екінші тур матчтары аяқталды, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz. Ойын күнінің қорытындысы бойынша Мексика құрамасы мерзімінен бұрын плей-офф кезеңіне жолдама алса, Канада турнирдегі ең ірі жеңістердің біріне қол жеткізді.

А тобында Чехия мен Оңтүстік Африка Республикасы 1:1 есебімен тең түсті. Чехтер алтыншы минутта Михал Садилектің голының арқасында есеп ашқанымен, жеңісті сақтап қала алмады. 83-минутта Тебого Мокоэна пенальтиден дәл соққы жасап, өз командасына алғашқы ұпайын сыйлады. Топтағы екінші ойында Мексика Оңтүстік Кореяны 1:0 есебімен жеңді. Матчтағы жалғыз голды 50-минутта Луис Ромо соқты. Осы нәтижеден кейін мексикалықтар топта бірінші орынды мерзімінен бұрын қамтамасыз етіп, 1/16 финалға шықты.

В тобында Швейцария Босния және Герцеговинаны 4:1 есебімен сенімді түрде жеңді. Йоан Манзамби дубль авторы атанса, Рубен Варгас пен Гранит Джака да мергендер қатарына қосылды. Босния құрамасы үшін жағдайды Тарик Мухаремовичтің 80-минуттағы қызыл қағаз алуы қиындата түсті. Ал Канада өз алаңында Қатарды 6:0 есебімен ойсырата жеңді. Джонатан Дэвид хет-трик жасап, Кайл Ларин мен Натан Салиба да гол соқты. Бұдан бөлек, қонақтар бір голды өз қақпасына енгізді. Қатарлықтар матч барысында екі ойыншысынан айырылып, кездесуді тоғыз футболшымен аяқтады.

Екі турдан кейін Мексика алты ұпаймен А тобының көшін бастап, плей-офф жолдамасын иеленді. В тобында Швейцария төрт ұпаймен бірінші орында тұр. Дәл осындай ұпай Канадада да бар, бірақ қосымша көрсеткіштер бойынша кейін келеді. Қалған жолдамалардың тағдыры 25 маусымда өтетін соңғы турда шешіледі.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
27 Окт - 16:50 Футбол
Рафаэль Уразбахтин «Қайраттан» кетті: бұрынғы ойыншы оны Қазақстандағы ең мықты бапкер деп атады
27 Окт - 13:50 Футбол
France Football Ламин Ямалдың «Алтын доп»-2026 жүлдесін неге жеңе алмағанын түсіндірді
27 Окт - 13:17 Футбол
Килиан Мбаппе «Алтын доп»-2026 дауыс беруіндегі екінші орынға реакция білдірді
27 Окт - 11:04 Футбол
Криштиану Роналду Португалия құрамасының кеңейтілген тізіміне енді
27 Окт - 10:20 Футбол
Харри Кейн 30 жылдан кейін Бундеслигадан шыққан алғашқы «Алтын доп» иегері атанды
27 Окт - 09:49 Футбол
«Ордабасы» Чемпиондар лигасындағы жолын бірінші іріктеу кезеңінен бастайды
27 Окт - 09:00 Футбол
Харри Кейн мен Алексия Путельяс «Алтын доп-2026» иегерлері атанды
23 Окт - 10:30 Футбол
«Ордабасы» мен «Қайрат» КПЛ-дің 29-туры аясында маңызды матчтарын өткізеді
23 Окт - 09:07 Футбол
Грекиялық БАҚ «Панатинаикос» қорғаушыларының «Қайратқа» қарсы ойынына баға берді
21 Окт - 15:05 Футбол
Рафаэль Уразбахтин: ««Панатинаикосты» құрметтейміз, бірақ одан қорықпаймыз»