ФИФА «Қызылжарға» трансферлік тыйым салды

Кызылжар

Фото: Кызылжар

ФИФА петропавлдық «Қызылжар» клубына жаңа футболшыларды тіркеуге шектеу қойды, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz Sports24.kz сайтына сілтеме жасап.

Халықаралық футбол федерациясының ресми порталындағы мәліметке сәйкес, қазақстандық клуб белгісіз мерзімге трансферлік бан алған. Шектеу санкцияға себеп болған мәселелер толық шешілгенге дейін күшінде болады.

Мұндай жазаға клубтың қазіргі немесе бұрынғы қызметкерлері мен футболшылар алдындағы қарыздары себеп болуы мүмкін екені айтылуда.

Әзірге «Қызылжар» клубы ФИФА шешіміне қатысты ресми мәлімдеме жасаған жоқ.

ҚПЛ-дың 11 турында петропавлдық команда турнир кестесінде 11-орында тұр. Команда үш жеңіс, үш тең нәтиже тіркеп, 12 ұпай жинаған.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
16 Окт - 13:15 Футбол
«Рига» жеңіске жақын болды: латвиялық клубтың бапкері «Қайратқа» қарсы ойын туралы айтты
16 Окт - 11:20 Футбол
Уразбахтин «Қайраттың» Ригадағы нәтижесіне баға берді
16 Окт - 08:41 Футбол
«Рига» қорғаушысы «Қайратпен» тең ойыннан кейін пікір білдірді
14 Окт - 18:40 Футбол
«Астана» «Ертісті» жеңіп, ҚПЛ-дағы үшінші орнын нығайтты
14 Окт - 18:00 Футбол
«Қайрат» екі ойында 13 гол соғып, УЕФА Жастар лигасының келесі кезеңіне өтті
14 Окт - 15:15 Футбол
Нұрали Жақсылық «Қайсарда» жалға алу негізінде ойнауын жалғастырады
14 Окт - 13:45 Футбол
Тақырып: «Челси» рұқсат бермеді: Дастан Сатпаевтың алаңға қашан оралатыны айтылды
14 Окт - 09:20 Футбол
Кенжебек пен Самородов үшін маңызды матч: «Ахмат» «Динамоны» қабылдайды
13 Окт - 16:00 Футбол
Лионель Месси әлемдік футболдың болашақ жұлдыздарын атады
13 Окт - 14:27 Футбол
«Ақтөбе» Қазақстан жастар құрамасының вингеріне қызығушылық танытып отыр