Карло Анчелотти Неймардың Бразилия құрамасы үшін маңызын айтты

685ba1bdaa9dd755023716 1

Бразилия құрамасының бас бапкері Карло Анчелотти Неймардың әлем чемпионаты қарсаңындағы рөлі туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz Фабрицио Романоға сілтеме жасап.

Италиялық маманның айтуынша, Неймар 2026 жылғы әлем чемпионатында Бразилия құрамасының маңызды ойыншыларының бірі болады.

«Неймар әлем чемпионатында біз үшін маңызды ойыншы болады. Біз жыл бойы оның жағдайын бақыладық. Соңғы уақытта ол тұрақты ойын көрсетіп, жақсы физикалық формада болды», — деді Анчелотти.

Айта кетейік, Неймар Бразилия құрамасы сапында 2023 жылдан бері ойнамаған болатын. Бұған дейін «Сантос» шабуылшысының әлем чемпионатына арналған құрамға енгені хабарланған еді.

Топтық кезеңде Бразилия құрамасы Марокко, Гаити және Шотландия құрамаларымен кездеседі. Әлем чемпионаты 11 маусым мен 19 шілде аралығында өтеді.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар
19 Май - 09:26 Футбол
Карло Анчелотти Неймардың Бразилия құрамасы үшін маңызын айтты
19 Май - 08:23 Футбол
Неймар Бразилия құрамасының әлем чемпионатына арналған тізіміне енді
18 Май - 12:06 Футбол
Ислам Чесноковқа «Хартстың» негізгі құрамына ену үшін қандай қасиеттер қажет екені айтылды
18 Май - 10:19 Футбол
Нұралы Әліп «Зенитпен» бірге төртінші рет Ресей чемпионы атанды
18 Май - 08:34 Футбол
Александр Бублик ATP рейтингінің үздік ондығына қайта оралды
16 Май - 12:54 Футбол
Шымкентте УЕФА финалдарын қабылдай алатын жаңа стадион салынып жатыр
16 Май - 10:00 Футбол
Мануэль Нойер «Бавариямен» келісімшартын ұзартуға қатысты пікір айтты
15 Май - 12:37 Футбол
Түркияда «Қайрат» қақпашысы Темірлан Анарбековке жоғары баға берілді
14 Май - 11:35 Футбол
Стас Покатилов «Сабахпен» бірге Әзербайжан Кубогын жеңіп алды
14 Май - 10:11 Футбол
Роберт Левандовски маусым соңында «Барселонадан» кетеді