Луис Суарес 2026 жылғы әлем чемпионатына қатысу үшін ұлттық құрамаға оралуы мүмкін

Фото: Getty Images
«Интер Майами» шабуылшысы Луис Суарес 2026 жылғы әлем чемпионатына қатысу үшін Уругвай құрамасына қайта оралуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz. Қазір тәжірибелі шабуылшы 39 жаста.
Футболшының айтуынша, егер ұлттық құрамаға көмегі қажет болса, ол шақыртудан бас тартпайды. Бұған дейін Суарес жастарға жол беру үшін құрамадан кеткенін мәлімдеген болатын.
Уругвайлық шабуылшы 2024 жылдың қыркүйегінде ұлттық құрамадағы мансабын аяқтағанын ресми жариялады. Ол Уругвай сапында 143 матч өткізіп, 69 гол соғып, 39 нәтижелі пас берген. 2010 жылғы әлем чемпионатында Уругвай құрамасымен бірге төртінші орын алса, 2011 жылы Америка кубогын жеңіп алды.
2026 жылғы әлем чемпионатының топтық кезеңінде Уругвай құрамасы Испания, Кабо-Верде және Сауд Арабиясы құрамаларымен кездеседі.


