Криштиану Роналду 2030 жылғы әлем чемпионатына қатысу мүмкіндігін жоққа шығармады

Фото: Al Hilal
Португалия құрамасының шабуылшысы Криштиану Роналду 2030 жылғы әлем чемпионатына қатысуы мүмкін екенін айтты, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz. Ол халықаралық мансабын жалғастыру ықтималдығын жоққа шығармайды.
Роналдудың айтуынша, егер ол қазіргі нәтижелілігін сақтаса, алдағы жылдары да ойнауды жалғастыра алады. «Мен 2030 жылғы әлем чемпионатына қатысу мүмкіндігін толық жоққа шығармаймын. Егер апта сайын гол соғуды жалғастырсам, тағы төрт жыл ойнауым мүмкін», — деді ол.
Португалиялық футболшы 2006 жылдан 2022 жылға дейін қатарынан бес әлем чемпионатына қатысып, сегіз гол соқты. Ол бес түрлі мундиальда гол соққан алғашқы ойыншы ретінде тарихқа енді.
Әлем чемпионаттарындағы гол саны бойынша рекорд неміс шабуылшысы Мирослав Клозеге тиесілі, оның еншісінде 16 гол бар.



