«Ақтөбе» Адиевке ұсыныс жасады, бірақ жауап теріс болды

Магомед Адиев. Фото: Icon Sportswire via Getty Images
«Ақтөбе» футбол клубы «Крылья Советов» командасының бас бапкері Магомед Адиевке айына шамамен 40 миллион теңге жалақымен ұсыныс жасады, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz. Клуб маманды маусым барысында-ақ шақыруды жоспарлаған.
Дереккөз мәліметінше, «Ақтөбе» басшылығы жаттықтырушының жалақысын үш еседен астам өсіріп, 12 миллионнан 40 миллион теңгеге дейін көтеруге дайын болған. Алайда Адиев бұл ұсыныстан бас тартып, қазіргі клубы алдындағы міндеттемелерін алға тартты.
Маман маусымды «Крылья Советов» құрамында аяқтауды жоспарлап отыр, содан кейін ғана басқа ұсыныстарды қарастыруы мүмкін. Бұған дейін ол Қазақстан құрамасын жаттықтырып, Ұлттар лигасында топ жеңімпазы атанып, Еуро-2024 іріктеу кезеңінде ұпай саны бойынша рекорд орнатқан еді.
Ресей чемпионатының 22 турынан кейін «Крылья Советов» 21 ұпаймен турнирлік кестеде 13-орында тұр. Ал «Ақтөбе» ҚПЛ-дың үш турында үш ұпай жинап, оныншы орынға жайғасқан.
Родри «Реалға» ауысу мүмкіндігін жоққа шығармады
Михаил Кравец «Барыста» жұмысын жалғастырады
