Александр Шевченко: «Өз алаңымда жеңіске жетпеу мүмкін емес»

Александр Шевченко

Александр Шевченко. Фото: пресс-служба ФТК

Әлемнің 91-ракеткасы Александр Шевченко Алматыда өтіп жатқан ATP 250 турниріндегі алғашқы кездесуінен кейін әсерімен бөлісті, деп хабарлайды Pin-Upsport.kz Федерацияның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Маған басында сәл қиын болды, қарсылас шешуші сәттерде сызық бойымен тамаша доп беріп, оң қолмен керемет соққылар жасады. Бұрышты болжау мүмкін болмады — өте қуатты ойнады. Бірақ оған да ризамын, маңызды сәттерде жақсы өнер көрсетті. Ал өз подачамда алғашқы матчболды пайдаланып, ойынды аяқтай алдым. Шағымым жоқ», — деді Шевченко.

Енді Александрдi екінші айналымда ауыр сынақ күтіп тұр — ол француз теннисшісі Корентин Мутемен кездеседі.

«Бұл — өте қауіпті қарсылас, әрқашан қиындық туғызады. Бірақ мен өз елімде ойнап жатырмын, бұл — ерекше мотивация. Алматының жанкүйерлері керемет қолдау көрсетіп жатыр, сол үшін барымды салып, жеңіске жетуге тырысамын», — деді қазақстандық теннисші.

Айта кетейік, Александр Шевченко өз алаңындағы алғашқы ойында сербиялық Ласло Джерені 7:6 (7:1), 7:6 (14:12) есебімен ұтып, келесі кезеңге жолдама алды.

Тегтер:
Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар