«Қайрат» Александр Мартыновичпен келісімшартты ұзартты

Фото: Getty Images
Алматының «Қайраты» Беларусь құрамасының капитаны Александр Мартыновичпен келісімшартты ұзартқанын ресми түрде мәлімдеді, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.
Клубтың баспасөз қызметінің мәліметінше, жаңа келісім 2026 жылдың соңына дейін есептелген және тағы бір маусымға ұзарту мүмкіндігін қамтиды.
38 жастағы қорғаушы 2024 жылы алматылық команда қатарына қосылған еді. Биыл ол «Қайраттың» негізгі құрамында сегіз іріктеу және екі топтық кезең ойынына қатысты.