Қазақстан Еуропа лигасындағы орнын жоғалтуы мүмкін

Фото: Getty Images
УЕФА Чемпиондар лигасы мен Еуропа лигасының екінші, Конференциялар лигасының алғашқы турларынан кейін елдердің еурокубоктардағы клуб санын анықтайтын коэффициенттер рейтингін жаңартты, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.
«Кайраттың» «Реалдан» (0:5) жеңілуі Қазақстанның жағдайына айтарлықтай әсер еткен жоқ — ел әзірге 34-орында тұр.
Алайда Армения небәрі 0.125 ұпай айырмасымен жақындап қалды. Бұған армяндық «Ноаның» Конференциялар лигасында хорватиялық «Риеканы» (1:0) жеңуі себеп болды.
Келесі турда «Кайрат» «Пафостан» ұтылып, «Ноа» румындық «Университатяны» жеңсе, Қазақстан 35-орынға түседі. Бұл жағдайда ел Еуропа лигасындағы жолдамасынан айырылады, ал ел кубогының иегері тек Конференциялар лигасында ғана ойнайды.