Семейде 25 мың орындық жаңа стадион құрылысы басталды

Стадион в Атырау

Стадион в Атырау. Фото: offside.kz

Семей қаласында 25 мың жанкүйерге арналған жаңа футбол аренасының құрылысы ресми түрде қолға алынды, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz. Алғашқы жұмыстар қазір іргетастың қада қағу кезеңінде жүріп жатыр. Бұл туралы Абай облысы әкімінің орынбасары Серік Төленбергенов Instagram парақшасында мәлімдеді.

Бұған дейін өңір басшысы Бері Уәли жобаның бастапқы нұсқасы өзгергенін айтқан болатын. Алдымен ескі «Пищевик» стадионының орнына 12 мың орындық нысан салу жоспарланған еді. Алайда кейіннен шешім өзгеріп, жаңа стадионды қаланың жаңа шағынауданында тұрғызу қолға алынды.

Жобаның сыйымдылығы да қайта қаралды: бастапқыда 20–22 мың орын қарастырылғанымен, соңғы нұсқада арена 25 мың жанкүйерді қабылдайтындай етіп бекітілді. Бұл стадион Шығыс Қазақстандағы ең ірі спорттық нысандардың бірі болмақ.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру
Соңғы жаңалықтар