Қазақ футболшысы Словакия чемпионатына ауысты

01k5jzz0ckvs4qs0b1d3je24br 1

Қазақстандық жартылай қорғаушы Шахмурза Адырбеков енді Словакияның Жоғарғы лигасында ойнайтын «АС Тренчин» клубының намысын қорғайды, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

«Тобыл» түлегі жасөспірімдер командасынан бастап дубльге дейінгі сатылардан өтіп, негізгі құрамда да дебют жасаған. Екінші лигада 8 ойын өткізіп, бір нәтижелі пас берсе, QJ League-де 18 матчта 4 гол соғып, 2 ассист жасады.

Өткен маусымда Адырбеков алғаш рет «Тобылдың» негізгі құрамында Қазақстан кубогында алаңға шыққан еді. Енді ол Еуропа чемпионатында бағын сынамақ.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру