Қазақстан құрамасы Фарер аралдарымен жолдастық кездесу өткізеді

Сборная Казахстана
Қазақстан ұлттық құрамасы қараша айында жолдастық ойын өткізуді жоспарлап отыр. Қарсылас ретінде Фарер аралдарының командасы таңдалды, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz «Тотальный футбол KZ» телеграм-арнасына сілтеме жасап.
Кездесу 15 қарашада Бельгияға қарсы өтетін әлем чемпионаты-2026 іріктеуіндегі соңғы ойынан кейін болады. Осылайша, құрама УЕФА талабы бойынша бір күнтізбелік жылда кемінде 10 матч өткізу нормасын орындайды. Бұған дейін Қазақстан сегіз іріктеу ойынын және бір жолдастық матчты (Беларуське қарсы — 1:4) өткізген.
Қазақстан мен Фарер аралдары бұған дейін төрт рет кездескен. 2014 жылғы іріктеу барысында бір ойында тең түсті (1:1), екіншісінде қазақстандықтар жеңіске жетті (2:1). Ал 2003 жылғы екі жолдастық кездесуде Фарер аралдары үстем болды — 2:1 және 3:2 есебімен.