Алькарас – ATP рейтингінде көш басында, Бублик үздік 20-да

Александр Бублик

Фото: Getty Images

ATP жаңартылған рейтингін жариялады. Испаниялық Карлос Алькарас алғашқы орнын сақтап қалды, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Қазақстанның бірінші ракеткасы Александр Бублик үздік жиырмалықтың қатарында қалып, 19-орында тұр. Александр Шевченко бір сатыға көтеріліп, 96-орынға жайғасты. Ал Бейбіт Жұқаев өз көрсеткішін сақтап, 207-сатыда қалды.

Жоғарғы үштік өзгеріссіз: Алькарас көш бастап тұр, екінші орында – Янник Синнер, үшінші орында – Александр Зверев. Өткен аптада Қазақстанның ерлер құрамасы Дэвис кубогының плей-офф кезеңінде Оңтүстік Кореядан жеңіліп қалған болатын.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спорт журналисі, шолушы. Отандық футбол мен олимпиадалық спорт түрлерін жіті бақылаймын. Токио Олимпиадасында және Қазанда өткен БРИКС ойындарынан тікелей хабар тараттым.
Барлық авторлық жазбаларды көру