Ресми: ҚПЛ-2026 маусымында 16 команда ойнайды

Тимур Кумашев судья

Фото: ФК Туран

Қазақстан футбол федерациясының Атқарушы комитеті Премьер-лигадағы клубтар санын 2026 жылдан бастап 16-ға дейін көбейту жөнінде шешім қабылдады, деп хабарлайды Pin-UpSport.kz.

Соның нәтижесінде 2025 жылғы маусым қорытындысы бойынша ҚПЛ-дан тек бір ғана команда түседі, ал Бірінші лига жолдамасын үш клуб жеңіп алады.

Қазір турнир кестесінің соңында 12 ұпайы бар «Атырау» тұр. Одан үш ұпайға алда – «Тұран», тағы екі ұпайға жоғары – Жезқазғанның «Ұлытауы». Бірінші лигада 50 ұпай жинаған ақтаулық «Каспий» көш бастап тұр. Одан кейін павлодарлық «Ертіш» (48), «Алтай» мен «Шахтер» (41 ұпайдан).

Сонымен қатар Атқарушы комитет ұлттық құрама бас бапкері Әли Әлиевтің отставкасын да ресми түрде бекітті.

Автор туралы

Айбар Рысдаулет

Спортивный журналист и обозреватель. Специализируется на казахстанском футболе и олимпийских видах спорта. Побывал на Олимпийских играх в Токио и играх БРИКС.
Барлық авторлық жазбаларды көру